Елена Рыбакина Australian Open жартылай финалына шықты
Теннис
Елена Рыбакина / Сурет: Quinn Rooney/Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз ширек кезеңде әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Рыбакина жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.