Путинцева Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты

Путинцева Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты
Теннис

Юлия Путинцева / Сурет: Caravan.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші кезеңінде қазақстандық теннисші Франция өкілі Эльза Жакемомен шеберлік байқасып, кездесуді 6:1, 6:2 есебімен өз пайдасына шешті. 

Турнирдің келесі кезеңіне шығу үшін Путинцева түркиялық Зейнеп Сонмезбен ойнайды.