Қазақстанның әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыласы анықталды
Теннис
Қазақстан әйелдер құрамасы / Сурет: ҚТФ
Лондонда 2026 жылғы Билли Джин Кинг Кубогы іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Билли Джинг Кинг Кубогының иегері Канадамен кездеседі. Бұған дейін Қазақстан мен Канада құрамалары бір рет, 2017 жылы кездескен. Онда қазақстандық теннисшілер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберген еді.
Әлемдік рейтингте Канада әйелдер құрамасы төртінші орында тұрса, біздің қыздарымыз тоғызыншы орында келеді.
Матчтар 10-11 сәуір күндері Астанада өтеді. Іріктеуде жекелей санатта төрт, жұптық сында бір ойын болады.