Юлия Путинцева "Үлкен дулыға" жарысын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева
Теннис

Юлия Путинцева / Сурет: WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңа маусымның алғашқы "Үлкен дулыға" жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі алғашқы айналымда бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездесті. Әлемнің 59-ракеткасымен өткен ойында отандасымыз алғашқы сетте 6:3 есебімен есе жібергенімен, қалған екі сетте Юлия жеңіске жете білді - 7:5, 6:3.