Он қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетеді
Дубайда бокстан IBA әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Он қазақ боксшысы ширек финалға өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
54 келіде сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Танзания өкілі Исса Факиді сенімді жеңіп, ширек кезеңге өтті.
Ертуған Зейнулинов (63.5 келі) болса, Хосе Мануэль Агуйрэ Крузды ұтты. Ширек финалда ол Израиль боксшысы Ахмад Штиуимен жұдырықтасады.
51 келіде өнер көрсететін Даниял Сәбит Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті жеңіп, 1/4 кезеңнің қатысушысы атанды.
Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ширек финалда әзербайжандық Сархан Алиевпен шеберлік байқасады. Ол 1/8 финалда Беларусь спортшысы Александр Радионовты ұтты.
Сонымен қатар, Теміртас Жүсіпов (48 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (+92 келі) жартылай финал жолдамасына таласады.
Әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі бүгін, 10 желтоқсанда өтеді.