Қазақстан жастар құрамасы Словенияны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Словенияны жеңді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бледте өтіп жатқан І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының екінші ойынында жерлестеріміз жарыс иесі Словениямен кездесті. Алдымен айдын қожайындары 0:2 есебімен алда болған, алайда жастарымыз таразы басын теңестіре білді. Ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Қазақстан құрамасы жеңімпаз - 5:4. 

 Қазақстан U20 - Словения U20 5:4 Б (0:2, 1:1, 3:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 03:15 - Хробат Племелж (Петрович)

0:2 - 08:18 - Петронижевич Лепса (Бизжак, Хабьянич)

1:2 - 20:14 - Әлібек

1:3 - 33:21 - Шпари Лебен (Петрович, Хробат Племелж

2:3 - 45:53 - Сәркенов Ас. (Әлібек) ГБ

2:4 - 50:26 - Голичич (Петронижевич Лепса, Зупанчич)

3:4 - 52:03 - Әлібек (Сәркенов Ал., Кажибеков)

4:4 - 53:27 - Сәркенов Әл. (Черкасов)

5:4 - 65:00 - Саркенов Әл. ПБ

Қақпашылар: Куат - Хебар