16 жастағы қазақ хоккейшісі АҚШ-тың үздік жастар лигасына шақырту алды

16 жастағы қазақ хоккейшісі АҚШ-тың үздік жастар лигасына шақырту алды
Хоккей

16 жастағы қазақ хоккейшісі Спартак Чукреев АҚШ-тың ең үздік жастар лигасына шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қорғаушыны USHL-де өнер көрсететін “Дубьюк Файтинг Сэйнтс” командасы шақырды. Клуб мамыр айында Чукреевті драфт жасаған болатын. Команда оны Лига драфтының бірінші кезеңінде таңдаған еді. 

Биылғы маусымда Спартак Чукреев “Атлантик Кост” академиясында ойнап, 33 матчта 48 (17+31) ұпай еншілеген.