“Барыс” “Салават Юлаевтан” жеңілді
“Барыс” ХК
“Барыс” хоккей клубы кезекті сырт айдындағы матчтар сериясын Уфада ашып, “Салават Юлаевтан” жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Астаналық команда Макс Уиллманның көмегімен алғаш болып есеп ашып, Майкл Веккьоне оны еселей түсті. Алайда бірінші кезеңде айдын иелері есеп айырмасын қысқарта білді. Ойынның екінші кезеңінде командалар тек сан басымдығында шайба соғып, Райли Уолштың нәтижелі соққысына уфалықтар Шелдон Ремпал мен Джек Родуолдтың голдарымен жауап қатты. Үшінші жиырма минуттықты айдын иелері өз бақылауында ұстап, төрт шайба соқты. “Барыс” сапынан Макс Уиллман дубль авторы атанды.
“Салават Юлаев” - “Барыс” 7:4 (1:2, 2:1, 4:1)
0:1 – 11:22 – Уиллман (Томпсон, Логвин)
0:2 – 13:02 – Веккьоне (Бреус, Королёв)
1:2 – 17:02 – Броссо (Ремпал, Жаровский) ГБ
1:3 – 27:04 – Уолш (Веккьоне, Симонов) ГБ
2:3 – 29:00 – Ремпал (Стюарт, Родуолд) ГБ
3:3 – 33:18 – Родуолд (Ремпал, Стюарт) ГБ
4:3 – 40:33 – Хохлачёв (Стюарт, Родуолд)
4:4 – 43:40 – Уиллман (Логвин)
5:4 – 44:56 – Ремпал (Пименов)
6:4 – 57:19 – Пименов (Сучков)
7:4 – 58:11 – Броссо БҚ
Қақпашылар: Вязовой – Шутов