Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы матчқа арналған құрамын жариялады
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Бейжіңде басталатын Азия чемпионатындағы алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Талғат Жайлауов бастаған бапкерлер штабы ойынға арналған құрамды жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Калмыков (Пестов)
Диханбек - Бутенко, Гатиятов - Данияр (А) - Гусейнов
Никитин - Оразов, Старченко (К) - Бойко - Мұратов
Степаненко - Михайлов, Ляпунов - Борисевич - Мусоров
Александров - Гребенщиков, Мигунов - Лихотников (А) - Чапоров
Матч Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Ойынды "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.