Қазақстан құрамасының Азия чемпионаты алдындағы дайындық жоспары жарияланды

Қазақстан құрамасының Азия чемпионаты алдындағы дайындық жоспары жарияланды
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 20-23 қараша аралығында Азия чемпионатында бақ сынайды. Қытайда өтетін бәсекеге дайындық жұмыстары Астанада өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Команда 15 қарашада оқу-жаттығу жиындарына кіріседі. Жексенбі күні құраманың мұз айдындағы алғашқы жаттығуы өтеді, ал 18 қарашада команда Бейжіңге жол тартады. 

Хоккейшілеріміз турнирдегі алғашқы ойынын 20 қарашада Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді. Бір жыл бұрын Алматыда өткен сары құрлық бәсекесінде біздің құрама Азия чемпионы атанған еді. 

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы ойын кестесі келесідей: 

20 қараша, 13:00 - Оңтүстік Корея - Қазақстан

22 қараша, 16:30 - Қазақстан - Қытай

23 қараша, 13:00 - Қазақстан - Жапония