ҚПЛ клубын енді жеке кәсіпкер қаржыландырады
Футбол
“Қызылжар” ФК
«Қызылжар» футбол клубы алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі жазды.
Спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың активтерін беру туралы келісімге қол қойылды.
Петропавл қаласында спорттық сабақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат «Қызылжар» футбол командасының ҚФФ, FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуына байланысты құқықтар мен міндеттердің берілуін анықтайды.
Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қызылжар» футбол клубының инвесторы болып кәсіпкер Сергей Кан анықталды.