“Барыс” “Металлургтен” жеңілді
“Барыс” ХК
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында “Барыс” өз айдынында магнитогорскілік “Металлургті” қабылдап, жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бірінші кезеңнің ортасында “Металлург” есеп ашып, екінші жиырма минуттықта Андрей Шутов қорғаған қақпаға тағы екі шайба соқты. Ойынның қорытынды бөлігінің басында Әлихан Әсетов нәтижелі шабуылдың нүктесін қойып, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда “Металлург” оған тағы бір шайбамен жауап қатты - 1:4.
”Барыс” - “Металлург” - 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)
0:1 - 11:18 - Вовченко (Барак, Силантьев)
0:2 - 32:38 - Толчинский (Яковлев, Вовченко)
0:3 - 34:32 - Толчинский (Ткачев)
1:3 - 41:42 - Әсетов (Данияр, Өмірбеков)
1:4 - 52:30 - Канцеров (Ткачев, Сиряцкий)
Қақпашылар: Шутов (Шил, 34:32 - 60:00) - Смолин