Канаданың хоккей лигасында Қазақ елінің әнұраны шырқалды
Shaiba.kz
Канаданың Батыс хоккей лигасында Қазақстанның гиині шырқалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Лиганың тұрақты чемпионаты аясында “Спокан Чифс” пен “Принс Альберт Рейдерз” командалары арасында ойын өтіп, матч алдында еліміздің әнұраны шырқалды. Гимн екі командада өнер көрсететін ағайынды Асанәли және Әлішер Сәркеновтердің құрметіне орындалды.
“Спокан Чифс” құрамында Асанәли Сәркенов өнер көрсетсе, “Рейдерз” құрамында оның інісі Әлішер Сәркенов ойнайды. Канадалық лига ағалы-інілі хоккейшілер құрметіне матч алдында еліміздің әнұранын қосқан.
Ал матчта Әлішер Сәркеновтің командасы 5:2 есебімен жеңіске жетті. Әлішер өз есебіне бір шайба мен бір нәтижелі пасты жазса, ағасы Асанәли бір паспен көзге түсті.