Геннадий Головкин Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Теннис
Instagram: @gggboxing
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин теннисші Елена Рыбакинаны WTA Finals турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
- Жеңісің құтты болсын, Елена! Нағыз жігер мен рухтың жеңісі! Бұл - Қазақстанның әлемдік аренадағы тағы бір жарқын жетістігі!”, - деп жазды Геннадий Головкин өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
ҚР ҰОК Президенті Эр-Риядта өткен WTA Жылдың қорытынды турнирі жарысының финалдық матчына барып, Елена Рыбакинаға қолдау көрсеткен. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы шешуші матчта Арина Соболенконы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңді.