Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Өскеменде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, дее хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің қола жүлдесі үшін болған ойында Александр Тебеньков бастаған команда Оңтүстік Кореямен кездесті. Қыздарымыз алғаш болып есеп ашқан, алайда кореялық хоккейшілер таразы басын жылдам теңестіре білді. Бірінші кезеңде Анастасия Оразбаева сан басымдығын жүзеге асырып, командамыз тағы да есепте алға шықты. Екінші жиырма минуттықта Корея басымдыққа ие болғанымен, таблодағы көрсеткішті теңестіре алған жоқ. Ал үшінші кезеңде София Зубкова қарсыластың бос қақпасын дәл көздеп, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті - 3:1. 

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы екінші рет Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Былтыр Бейжіңде өткен тұңғыш құрлықтық додада да қыздарымыз үздік үштікті түйіндеген. Биыл да Жапония алтын медаль иеленіп, Қытай күміске қол жеткізді.