“Қайрат” Миландағы алғашқы жаттығуын өткізді
                Футбол
                                            “Қайрат” ФК
Алматылық “Қайрат” Миландағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Рафаэль Уразбахтин бастаған команда кеше таңертең Италияның Милан қаласына сапарға аттанған. Команда Астана уақытымен 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 4-туры аясында “Интермен” кездеседі.
Матч елорда уақытымен сағат 01:00-де басталады.