“Барыстың” жаңа ойыншысы бүгін ҚХЛ-да дебют жасауы мүмкін

“Барыстың” жаңа ойыншысы бүгін ҚХЛ-да дебют жасауы мүмкін
Хоккей

Getty Images

“Барыстың” жаңа ойыншысы Макс Уиллман бүгін астаналық ұжым сапындағы алғашқы ойынын өткізуі мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Бүгіг Михаил Кравец бастаған ұжым өз айдынында “Нефтехимикті” қабылдайды. Матчқа өткен демалыста Астанаға келген Макс Уиллман қатысуы мүмкін. Сонымен қатар, жарақатынан айыққан Әлихан Әсетов те бүгінгі ойында құрамға енеді деп күтіліп отыр. 

Ал қорғаушы Тайлер Уотерспун болса, жақын арада команданың жарақат алған ойыншыларының тізімін толықтырады. Ол “Трактормен” өткен матчта ауыр жарақат алған. 

”Барыс” пен “Нефтехимик” ойыны Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.