“Барыс” сапын тағы бір легионер толықтырды

“Барыс” сапын тағы бір легионер толықтырды
Хоккей

"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубы тағы бір шетелдік ойыншым - Максвелл Уиллманмен келісімшартқа қол қойды, деп жазады BasSport.kz.

Клуб шабуылшымен біражақты келісімшартқа қол қойды. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Максвелл Уиллман кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізген. Ол Ұлттық хоккей лигасының "Филадельфия Флайерз" және "Нью Джерси Девилз" командалары құрамында жалпы 68 матч өткізді. Қазақстанға келер алдында ол "Ютика" намысын қорғаған. Өткен маусымда Макс АХЛ тұрақты чемпионатында "Кометс" құрамында 69 ойынға қатысып, 30 (10+20) ұпай жинаған.