Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасынан жеңілді

Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасынан жеңілді
Теннис

Global Look Press

Александр Бублик Венадағы АТР 500 турниріндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің ширек финалында әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Янник Синнермен кездесті.

Матч екі сетте 6:4, 6:4 есебімен әлемнің екінші ракеткасының пайдасына шешілді. 

Осы турнирден кейін Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 15-орынға көтеріледі. Бұл - отандасымыз үшін жаңа рекорд.