Юсуф Мациев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Күрес
UWW
Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының қоржынына әлем чемпионатының күміс жүлдесі түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Юсуф Мациев Нови-Садта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақ балуаны алтын үшін таласта украиналық Егор Якушенкомен белдесті. Кездесу 1:6 есебімен Украина өкілі пайдасына аяқталды.
Бұл - Қазақстан жастар құрамасының қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін Мерей Мәулітханов (72 келі) қолп жүлдегер атанған еді.