Юсуф Мациев әлем чемпионатының финалына шықты

Юсуф Мациев әлем чемпионатының финалына шықты
Күрес

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Юсуф Мациев жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Нови-Садта өтіп жатқан жаһан біріншілігінің 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан отандасымыз жартылай финалда Максим Аверинді 9:4 есебімен жеңді. 

Сонымен қатар, тағы екі отандасымыз қола жүлде үшін таласады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Мамырбеков мен Мерей Мәулітқанов (72 келі) үшінші орын үшін белдеседі.