Алтынбекова: “Бапкерім шетелдік мамандардан кем емес”

Волейбол
Қазақстанның ең әдемі волейболшы қыздарының бірі саналатын Сабина Алтынбекова өзінің жаңа бапкері Мейірбек Мұсабеков жайлы пікір білдірді
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті:
«Мейірбек Мұсабековтің жақсы бапкер екенін көп естігенмін. Енді өзім де оның қол астында жаттығып, ойнап жүрмін. Ол — нағыз кәсіби маман. Шетелдік әріптестерінен кем түспейді, тіпті кей жағдайда асып түседі. Профессионалдылығы, сабырлылығы, лайықты жұмысы», — деп жазды волейболшы.
Сондай-ақ Сабина: «Ең алдымен шынайы ниеті бар осындай бапкерлер көп болса екен» деп қосты.
Айта кетелік, аруымыз жаңа маусымды туған елінде жалғастырып жатыр. 28 жастағы спортшы қыркүйектің басында «Астана» клубының ойыншысы атанған еді.