Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шығып, 56 мың доллардан астам қаржы ұтты

Теннис
Чемпионат
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші айналымында бельгиялық Элизе Мертенсті (22-орын) 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл жеңіс Рыбакинаға 56 678 АҚШ доллары көлемінде жүлде және 120 рейтингтік ұпай әкелді. Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры — 5 152 599 доллар. Ал бас жүлде иегері 752 275 доллар және 1000 ұпай иеленеді.
Айта кетейік, қарсыласы Элизе Мертенс — жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы. Жекелей сында оның ең үздік жетістігі — 2018 жылғы Australian Open жарысының жартылай финалы.