Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғашқы ондыққа енді

Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғашқы ондыққа енді
Теннис

NUR.KZ

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтардағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, ресми түрде оныншы орынға жайғасты. Елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 46-орнын сақтап қалды.

Зарина Дияс бір позиция төмендеп, 252-орынға түсті. Ал Жібек Құламбаева алты сатыға сырғып, 300-орынға орналасты.

Топ-3 қатарында өзгеріс жоқ: бірінші орында – Арина Соболенко (Беларусь), екінші – Кори Гауфф (АҚШ), үшінші – Ига Швёнтек (Польша).

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина өз позициясын сақтап, 10-орында қалды. Үздік үштікте америкалық Тейлор Таунсенд, чех Катерина Синякова және латвиялық Елена Остапенко орналасқан.