«Астана» Молдовада жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды

«Астана» Молдовада жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды
Футбол

Спорт-Экспресс

Қазақстанның атынан Еурокубокқа қатысып жатқан «Астана» футбол клубы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында молдовалық «Зимбру» командасымен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Кездесу Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтіп, оны бельгиялық төреші Брам ван Дриске басқарды.

Алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған болатын. Бұл жолы «Астана» қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды.

Бастапқы құрамдар:

Зимбру (Молдова): Чеботарь, Золотов, Бургиу, Штефан, Доссо, Диогу Родригеш, Бруну Пош, Лу Ранера, Клещенко, Шарковский, Козловский.

Астана (Қазақстан): Чондрич, Вороговский, Аманович, Казуколовас, Бартолец, Калаица, Грипши, Башич, Камара, Чинеду, Томасов.

Бірінші таймда-ақ астаналықтар екі гол соғып, ойын тағдырын шешіп қойды. 18-минутта Джеффри Чинеду есеп ашса, 21-минутта Усман Камара екінші голды соқты. Екінші таймда есеп өзгермей, кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Екі ойын қорытындысы бойынша «Астана» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Енді қазақстандық команда Солтүстік Македонияның «Вардар» немесе Швейцарияның «Лозанна» клубымен кездеседі.

Матч нәтижесі: Зимбру (Молдова) – Астана (Қазақстан) — 0:2 (0:2)

Голдар: Чинеду 18-минут (0:1), Камара 21-минут (0:2)

Алғашқы матч: 1:1