«Ақтөбе» биылғы еурокубоктік маусымда қанша табыс тапты?

«Ақтөбе» биылғы еурокубоктік маусымда қанша табыс тапты?
Футбол

FC Aktobe

2025/26 жылғы маусымда «Ақтөбе» футбол клубы еурокубоктық жолын аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Команда Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен бастады. Алайда екі матч қорытындысы бойынша Польшаның «Легиясынан» 0:2 есебімен жеңіліп, Конференциялар лигасына өтті. Онда ақтөбеліктер екінші кезеңде Чехияның «Спартасына» 2:4 есебімен есе жіберді.  

УЕФА регламентіне сәйкес, «Ақтөбе» Еуропа лигасына қатысқаны үшін 175 мың еуро, Конференциялар лигасына қатысқаны үшін тағы 175 мың еуро, ал бұл турнирден шығып қалғаны үшін 350 мың еуро көлемінде өтемақы алады. Осылайша, клубтың жалпы табысы 700 мың еуроны (шамамен 432,5 миллион теңге) құрады.

Маусым соңында бұл сомаға телехабар тарату және маркетингтік құқықтардан түскен қосымша табыс қосылады.