Криштиану Роналду Сауд Арабияда маусымның үздік ойыншысы атанды және үш марапатқа ие болды

Чемпионат
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабияның 2024/2025 жылғы Про-лигасының қорытындысы бойынша жанкүйерлердің шешімімен маусымның үздік ойыншысы деп танылды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
40 жастағы жұлдыз маусым барысында 15 рет матчтың үздік ойыншысы атанып, 30 ойынның нәтижесінде 25 гол соғып, турнирдің сұрмергені болды.
Сондай-ақ, Роналдудың 27-турда «Эр-Риядқа» қарсы ойында (2:1) айып алаңы сыртынан жасаған допты алыс бұрышқа соққан голы маусымның ең үздік голы деп танылды. Бұл марапат та жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде берілді.
Осылайша, Криштиану Роналду маусым қорытындысы бойынша үш бірдей жеке марапатқа ие болды:
• маусымның үздік ойыншысы,
• үздік сұрмерген,
• үздік гол авторы.
Айта кетейік, Роналду өнер көрсететін «Аль-Наср» клубы маусымды үшінші орынмен аяқтады. Чемпиондықты «Аль-Иттихад», ал екінші орынды «Аль-Хиляль» иеленді.