“Реалдың” жаңа жұлдызы клубтық чемпионатта тарихи рекорд орнатты

Футбол
Чемпионат
АҚШ-та өтіп жатқан 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатында мадридтік “Реал” шабуылшысы Гонсало Гарсия ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
21 жастағы форвард 1/8 финалда “Ювентусқа” қарсы өткен кездесуде жалғыз әрі жеңіс добын соғып, “корольдік клубты” келесі кезеңге алып шықты. Гол 54-минутта тіркелді.
Opta агенттігінің мәліметінше, Гарсия – осы турнирдегі әрбір ойында өз командасының голдарына тікелей үлес қосқан жалғыз футболшы. Бұған дейін ол “Ред Булл Зальцбург” пен “Аль-Хиляль” қақпасына бір-бір голдан соққан, ал “Пачукамен” матчта нәтижелі паспен көзге түскен болатын.
Айта кетейік, ширек финалда “Реал” дортмундтық “Боруссиямен” кездеседі.