Аида Әбікеева алты дүркін чемпионды ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты

Аида Әбікеева алты дүркін чемпионды ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты
Бокс

olympic.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында Қазақстан құрамасының мүшесі Аида Әбікеева алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

65 келі салмақ дәрежесінде 1/8 финал аясында ол Англияның тәжірибелі боксшысы, алты дүркін ел чемпионы және екі мәрте Кубок иегері Дион Бёрманмен кездесіп, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева ширек финалға жолдама алып, жүлде үшін күресті жалғастыруда.

Айта кетейік, Әбікеева – қолданыстағы Азия чемпионы, ал оның қарсыласы Бёрман бұған дейін халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсеткен тәжірибелі спортшы саналады.