Каталондық "Барселона" треблға бір қадам жақындады

Каталондық
Футбол

Fran Santiago/Getty Images

Бүгін, 26-нан 27 сәуірге қараған түні 2024/2025 жылғы маусымдағы Испания кубогының финалдық матчы аяқталды. Бұл ойында «эль класико» аясында каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» командалары кездесті. Матч Севильяда орналасқан «Олимпико де Севилья — Ла Картуха» стадионында өтті, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Кездесудің бас төрешісі — Рикардо Де Бургос Бенгоэчеа (Бильбао, Испания).

Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта каталондықтар басым түсіп, ойын 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша, «Барселона» 2024/2025 жылғы Испания кубогының иегері атанды. Бұл жеңіс каталондықтардың аталған турнирдегі тарихтағы 32-ші жеңісі болды.

Еске сала кетейік, матчтың 28-минутында «блауграна» командасының испаниялық жартылай қорғаушысы Педри 17 жастағы вингер Ламин Ямальдың пасынан кейін есеп ашты. Екінші таймда, 70-минутта, «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе тікелей айып соққысынан есепті теңестірді. Жеті минуттан кейін мадридтіктердің тірек жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени Арда Гюлердің пасынан кейін алғаш рет «Реалды» алға шығарды. Алайда 84-минутта каталондықтардың шабуылшысы Ферран Торрес есепті қайта теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа жеткізді. Бұл голға да пас берген — «Барселонаның» түлегі Ламин Ямаль.

Овертаймда «Барселона» жеңіс голын қорғаушы Жюль Кунде арқылы соқты.

Сонымен қатар, матчтың 120+5 минутында «Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер алаңда болмағанына қарамастан қызыл қағаз алды.