Александр Бублик Майами турнирінің екінші кезеңінен сүрінді

Александр Бублик Майами турнирінің екінші кезеңінен сүрінді
Теннис

KTF

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Майамиде өтіп жатқан АТР турнирінің 1/32 финалында әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полдан жеңілді.

Кездесу 5:7, 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Томми Пол 1/16 финалда аргентиналық Франсиско Серундоломен кездеседі.

Сонымен қатар, беделді турнирдің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да жарыстан шығып қалды.