Бразилия құрамасының аңызы қазақстандық клуб туралы даулы мәлімдеме жасады

Футзал
Әлеуметтік желі
Футзалдан төрт дүркін әлемнің үздік ойыншысы, әйгілі Фалькао Семейдің “Елімай” клубы оның ұлы Энцо Мендесті алдады деп мәлімдеді.
“Өтірік! Барлық келіссөздерді өзім жүргіздім! Клубтың құрылымы жақсы, жанкүйерлері тамаша, ойыншылары мықты, бірақ басшылығы өте нашар! Олар келісілген ештеңені орындамады! Ұлымды 70 күн бойы алдады! Барлығы сақталған! Бұл туралы баспасөзге толық жеткіземін!” – деп жазды Фалькао “Елімайдың” Instagram-дағы жазбасының астына.
Еске салайық, бұған дейін “Елімай” ресми түрде Энцо Мендестің командадағы оқу-жаттығу жиынынан кейін клубпен қош айтысқанын мәлімдеген болатын. Ойыншыға ресми келісімшарт ұсынылмаған.