Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Теннис
WTA
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA 24) Майамиде өтіп жатқан беделді WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
Путинцева екінші айналымда америкалық Тейлор Таунсендке (WTA 90) 6:7 (2:7), 6:1, 1:6 есебімен есе жіберді. 28 жастағы Таунсенд бұл турнирге іріктеу кезеңінен бастап қатысқан.
Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Үшінші айналымда Таунсенд 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің тоғызыншы ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэнмен кездеседі.