Александр Бублик «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Теннис
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами (АҚШ) қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ол бірінші айналымда аргентиналық Себастьян Баэсті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды.
Екінші айналымда Бублик америкалық Томми Полмен кездеседі.