Ламин Ямаль футболдағы басты армандарын айтты

Футбол
«Барселона» клубының жас вингері Ламин Ямаль футболдағы ең үлкен армандары туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Барселонамен» Чемпиондар лигасын жеңіп алу және Испания құрамасымен әлем чемпионатында топ жару – менің ең үлкен екі арманым», – деді Ямаль AS басылымына берген сұхбатында.
17 жастағы Ямальдың каталониялық клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жасалған. Осы маусымда ол «Барселона» сапында 36 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 180 миллион еуро деп бағалап отыр.