Абылайхан Жұмабек «Тұран» құрамына қосылды

Футбол
KFF
Түркістандық «Тұран» клубы қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабекпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
“Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек ресми түрде «Тұран» командасына қосылды”, – делінген клубтың хабарламасында.
Абылайхан Жұмабек – “Тараз” академиясының түлегі. Ол карьерасында «Тараз», «Ақтөбе» және «Жетісу» клубтарында ойнады. Жалпы 88 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Сонымен қатар, Жұмабек Қазақстан жастар құрамасында 7 матчта 3 гол соғып, ұлттық құрама сапында 2 ойынға қатысқан.
Айта кетейік, өткен маусымда «Тұран» Қазақстан Премьер-лигасында 12-орын алды.