«Тұран» үш легионермен келісімшарт жасады

Футбол
Түркістандық «Тұран» клубы үш шетелдік ойыншымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады BasSport.kz.
Команданың жаңа ойыншылары:
✅ Беларусьтік қорғаушы Руслан Юденков
✅ Өзбекстандық жартылай қорғаушы Бехрузбек Аскаров
✅ Черногориялық хавбек Горан Милойко
Айта кетейік, өткен маусымда Юденков пен Милойко қызылордалық «Қайсар» сапында ойнаған. Олар командаға Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде ортаңғы орыннан көрінуге көмектесті. Алайда Қызылорда облысы басшылығы жаңа маусымды легионерлерсіз өткізуді ұйғарып, футболшылар клубтан кетті.
Ал Аскаров Ташкенттің «Пахтакор» клубына тиесілі және «Тұранға» жалға алынды.