Қазақстандық вундеркинд Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық вундеркинд Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

Liter kz

Қазақстандық теннисші Амир Омарханов (ATP 1036) Монастирде өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Омарханов 1/8 финалда әлемдік рейтингте 738-орында тұрған италиялық Лука Констаньолуды 7:5, 6:2 есебімен жеңді.  

Ширек финалда Амирдің қарсыласы француз Шарль Бертимон (ATP 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы, германиялық Том Гентц (ATP 472) болады.