Али Алиев Жоао Паулоны натурализациялау туралы пікір білдірді

Футбол
ФК “Қайрат”
Ұлттық құрама бапкері Али Алиев 36 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Паулоны Қазақстан құрамасына натурализациялау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасай отырып.
“Бұл – сапалы футболшы. Бірақ менің көзқарасым бойынша, менің стиліме сай ол кейбір матчтарда нәтижені шешіп бере алады, алайда Уэльске қарсы ойнау қиын. Тіпті Жоао Пауло бабында болған күннің өзінде де. “Ақтөбемен” болған матчқа қарап-ақ айтуға болады – физиологияны алдай алмайсың. Жиі жылдамдық қосу байқалмайды, көбіне дұрыс позиция таңдауға сүйеніп ойнайды. Бәлкім, бұл оның алғашқы ойыны болғандықтан, қателесуім де мүмкін”, – деді Алиев Футбол жолына берген сұхбатында.
Бұған дейін Жоао Паулоның Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақырту алуы мүмкін екені хабарланған болатын.