«Реал» рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

«Реал» рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Футбол

ФК “Реал Мадрид”

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қос матчта «Манчестер Ситиді» жалпы 6:3 есебімен жеңіп, қатарынан 22-ші рет турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Opta мәліметінше, «Реал» Чемпиондар лигасында 2003/04 маусымынан бастап 1/8 финалға тұрақты түрде жеткен жалғыз клуб атанды.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіндегі кездесулер нәтижесінде 1/8 финалға «Фейеноорд», «Брюгге», «Бавария», «Бенфика», дортмундтық «Боруссия», «Пари Сен-Жермен» және ПСВ шықты.

Ал жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша «Ливерпуль», «Барселона», «Арсенал», «Интер», мадридтік «Атлетико», «Байер», «Лилль» және «Астон Вилла» келесі кезеңге жолдама алды.