«Атырау» сапын грузиялық қорғаушы толықтырды

Футбол
Фк “Атырау”
30 жастағы грузиялық қорғаушы Гиорги Гадрани «Атырау» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Гадрани мансабында Грузияның бірнеше клубтарында, соның ішінде Тбилисидің «Динамо» және «Дила», сондай-ақ «Динамо Батуми» командаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, ол Украина чемпионатында «Десна» және «ВПК-Агро» клубтарының намысын қорғаған.