Катарда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады

Теннис
ҰОК
17-25 мамыр аралығында Катарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Жарыста жекелей сында, ерлер және әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде, сондай-ақ аралас жұптар (микст) бойынша медальдар сарапқа салынады.
Жекелей сынға 128 теннисші қатысады, олардың ішінде 32 ойыншы рейтингте жоғары орынға ие болған спортшылар. Ал жұптық турнирде 64 дуэт бақ сынап, оның 16-сы турнирдің негізгі фавориттері саналады.
Қазақстан құрамасының намысын жекелей сында Кирилл Герасименко, ал әйелдер арасындағы жұптық сында Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева қорғайды.
Егер кейбір іріктеуден өткен спортшылар турнирден бас тартса, Қазақстан құрамасы қосымша квота алып, қатысушылар қатарын арттыруы мүмкін.