Әлемнің бірінші ракеткасы теннистен үш айға шеттетілді

Теннис
Getty Images
Әлемнің бірінші ракеткасы, итальяндық теннисші Янник Синнер Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен (WADA) келісімге келіп, үш айлық дисквалификацияны қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Шеттетілу мерзімі 2025 жылдың 9 ақпанынан 4 мамырға дейін созылады, бұл Синнерге 19 мамырда басталатын Францияның Ашық чемпионатына дейін жарыстарға оралуға мүмкіндік береді.
«Бұл жағдай менің басымда бір жылға жуық уақыт тұрды, ал процесс әлі аяқталған жоқ. Ақтық шешім жыл соңына дейін ғана қабылдануы мүмкін еді. Мен әрқашан өз командам үшін жауапкершілік сезіндім және WADA-ның қатаң ережелері мен сүйетін спорт түрім үшін маңызды қорғаныс деп есептеймін. Сондықтан мен осы мәселені үш айлық санкция арқылы реттеу туралы WADA ұсынысын қабылдадым», — деп түсіндірді Синнер.
2024 жылдың наурызында теннисшінің екі допинг-тестінде тыйым салынған клостебол препаратының іздері табылды. Спортшы бұл заттың ағзасына команда мүшесі жүргізген массаж бен физиотерапия арқылы кездейсоқ енгенін алға тартты.