«Атырау» құрамын грузиялық қорғаушымен толықтырды

«Атырау» құрамын грузиялық қорғаушымен толықтырды
Футбол

ФК “Жетісу”

«Атырау» футбол клубы 30 жастағы грузиялық қорғаушы Гиа Чадунелимен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өткен маусымда Чадунели Талдықорғанның «Жетісу» командасында өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасында 19 матч өткізді. 

Футболшының мансабында Грузияның «Динамо» (Тбилиси), «Дила», «Гагра» және «Сабуртало» клубтарында да ойнаған тәжірибесі бар.