Қазақстан хоккейші қыздары Оңтүстік Кореяны жеңіп, күміс жүлдеге жақындай түсті

Хоккей
ҚХФ
Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарындағы соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Оңтүстік Кореямен өткен матчта қазақстандық хоккейшілер 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Жеңіс шайбаларын Малика Алдабергенова, Юлия Буторина және Дария Молдабай соқты.
Бұл қатарынан екінші жеңісін тіркеген Қазақстан құрамасына күміс жүлде үшін маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді.