“Каспий” футзал клубы жанкүйерлерi үшін айыппұл төлейді

Футзал
Әлеуметтік желі
Ақтаулық “Каспий” футзал клубы Қазақстан чемпионатының 22-турында “Қайратқа” қарсы өткен матчта (2:3) жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан футзал қауымдастығына сілтеме жасап.
ҚФФ тәртіптік ережелерінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес, ресми тұлғаларға балағат сөздер айтқаны үшін “Каспий” клубына 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Бұл 196 600 теңгені құрайды.