Исламбек Қуат “Жеңіске” ауысуы мүмкін

Футбол
ФК “Астана”
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат елордалық «Жеңіс» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Aladop.kz сайтының мәліметінше, 32 жастағы футболшы ұзақ келіссөздерден кейін бас қала командасына ауысуға жақын тұр.
Исламбек Қуат мансабында «Астана», «Оқжетпес», «Ақтөбе» және «Қайрат» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, оның карьерасында Ресейдің «Химки» және «Оренбург» командалары да бар.
Қуат Қазақстан Премьер-лигасында 264 матчқа қатысып, 12 гол соққан. Ал ұлттық құрама сапында 65 ойын өткізіп, 6 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.