Азиада-2025: Қазақстан хоккейшілері финалға шықты

Азиада-2025: Қазақстан хоккейшілері финалға шықты
Хоккей

Сали Сабиров / ҰОК

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азиадада Қазақстан мен Қытай хоккей құрамаларының жартылай финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Есеп екінші кезеңнің соңына қарай ашылды – алғашқы шайбаны Роман Старченко соқты. Кейін Дмитрий Гренц есепті 2:0-ге жеткізді. Матчтың соңғы минуттарында Қытай құрамасы Ван Цзиннің голының арқасында есеп айырмасын қысқартты. Алайда, ойын аяқталуға 47 секунд қалғанда, Дмитрий Бреус қорытынды есепті белгіледі – 3:1, Қазақстан құрамасының пайдасына.

Осылайша, Олег Болякиннің шәкірттері Азиада-2025 финалына жолдама алды. Екінші жартылай финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездеседі.