«Ордабасы» ганалық жартылай қорғаушыны қатарға қосты

Футбол
ФК “Ордабасы”
Шымкенттің «Ордабасы» клубы 24 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Рашид Абубакармен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz, клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абубакардың соңғы клубы Молдованың «Спартаний» командасы болды. Ол аталған ұжым сапында сегіз матч өткізіп, екі гол соқты.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 100 мың еуроны құрайды.