Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиада-2025 турнирінде тағы бір ірі жеңіске жетті
![Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиада-2025 турнирінде тағы бір ірі жеңіске жетті | BASSPORT Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиада-2025 турнирінде тағы бір ірі жеңіске жетті](https://bassport.kz/storage/2025/02/06/YtQ0s2A1My2LCfuCqy1lpkwc0e3QajQ8AgeWr274.jpg)
Хоккей
ҚХФ
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында үшінші матчында Тайвань командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz
Кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапынан Надежда Филимонова (дубль), Лариса Свиридова, Юлия Буторина және Малика Алдабергенова мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, бірінші ойында Қазақстан Гонконгты 12:0, ал екінші матчта Таиландты 9:0 есебімен жеңген болатын.